Алматыда жезөкшелер үйі әшкереленді

642

Сондай-ақ жаңа туған сәбиді сату дерегінің жолы кесілді.

Алматыда жезөкшелер үйі әшкереленді Фото: Polisia.kz

Республика көлемінде өтіп жатқан “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заң бұзушылықтар республикалық STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Айта кету керек, Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілді.


"Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды. Сонымен қатар арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды", деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу