Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды

453

"Заңсыз келуші" жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды Фото: ҚР ІІМ

Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды "Заңсыз келуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

"Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында 7 өзбекстандық бикеш бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылады. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғандар үшін жауапкершілікке тарту, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу