Алматыда "Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу" халықаралық көрмесі басталды

514

Ағаш өңдеу". Дәл осындай атаумен еліміздің ірі мегаполисінде жиһаз өнеркәсібіне арналған көрме өтіп жатыр. 

Алматыда "Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу" халықаралық көрмесі басталды Фото: ҚР ИИДМ

Аталған іс-шара "Атакент – Экспо" халықаралық көрме компаниясы мен Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының бастамасымен қолға алынды. Бұл көрме маусымның 16-на дейін "Атакент" Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында жалғасады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ашылуына ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев қатысты. Оның айтуынша, мұндай көрмелердің отандық жиһаз әрі ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуда маңызы зор.

Отандық жиһаз өндірісінде ауқымды оқиғаға айналған бұл көрменің алаңында жыл сайын мамандар мен сарапшылар нарықтың даму қарқыны және үрдісіне кешенді талдау жүргізіп, озық өнім үлгілерін көрсетуге, тың технологиялық әзірлемелермен танысуға, сондай-ақ өндірушілер, шикізат тасымалдаушылар және тұтынушылар ашық диалог орнатуға мүмкіндік алып отыр. 

Биыл көрмеге Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Қытай, Пәкістан, Түркия және Өзбекстаннан 150-ден астам кәсіпорын мен компаниялар қатысып жатқанын айта кеткен орынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу