Алматыда жігіт смартфонның ақысын тоғыз қап тиынмен төледі

1348

Алматыда жігіт смартфонның ақысын тоғыз қап тиынмен төледі

Алматыда сатып алушы цифрлық техника дүкенінен жаңа смартфон алу үшін тоғыз қап тиын берді.

Бұл туралы  мәлімет цифрлық техника сататын дүкеннің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланып отыр.

"Бірнеше күн бұрын жас жігіт дүкенге келіп, жаңа смартфонның ақысын тиынмен төлейтінін айтты. Соңғы бес жылда мұндай оқиға алғаш рет болып отыр, сондықтан біз осы жағдайды суретке түсіріп алуды шештік", - деді компания call-орталығының операторы.

Қаптардағы тиынның сомасы 240 мың теңгені құрайды. 

Қолданушылар арасында қаптардың банкке тиесілі екенін және онда арнайы банк мөрінің тұрғанын болжады, алайда дүкен қызметкерлері бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл қарапайым қаптар, сіз немесе біз ақша жинайтын болсақ осындай қапты қолданар едік", - деді дүкен қызметкері.
 

Kaz.tengrinews.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу