Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады

314

Бұған дейін Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегені туралы жазған едік. 

Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады Фото: видеодан алынған кадр

Жігітті аяусыз соққыға жыққан алматылық оқушы қыздардың кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Марат, өзіңнің және отбасыңның алдында айыптымыз. Біздің адам түршігерлік әрекетімізді кешір", - деп түлектер видеоүндеу жолдаған. 

Кейін қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу