Алматыда жылу ақысын төлемегендердің үйінде ыстық су өшіріледі

203

Сондай-ақ, коммуналдық қарызы бар тұрғындарға шетелге шығуға тыйым салынады. 

Алматыда жылу ақысын төлемегендердің үйінде ыстық су өшіріледі Фото: Алматы әкімдігі

 Жылу мен ыстық суға қарыз алматылықтар қатаң жазаланады. Бүгінде қордаланған қарыздың жалпы сомасы 2,1 млрд теңге жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматының коммуналдық қызметі жылудың ақшасын төлемеген тұрғындардан сот арқылы қарызын өндіріп, толық өтелгенше пәтеріндегі ыстық суын өшіруді қолға алды. 

Енді күн сайын "Алматы жылу жүйесіне" қарыз бірнеше ондаған борышкер ыстық судан қағылады.

Айта кететін нәрсе, екі және одан да көп ай бойы төленбесе, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу туралы хабарлама алады. 

"Борышкерлерге ыстық су беруді тоқтату — амалсыз қолданылған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр, өйткені тұтынушылардың жылудың ақысын төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындалуға, қыстан қысылмай шығуға кері әсерін тигізеді. Биыл жыл басынан бері Алматыда жылудың ақшасын төлемеген 1610 абоненттің үйіндегі ыстық суы өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылу мен ыстық су үшін төлемеген 1212 тұтынушының активі, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемді уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды", — деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Компаниядан атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызмет бойынша қарыздың болуы (борышкерлер туралы ақпарат "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ сұрауы бойынша беріледі) несие беру кезінде де ескеріледі.

Жылу жүйесінің қызметкерлері қарызды өндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын еске салды.

Сондықтан "АлЖЖ" ЖШС азаматтарды қарызын тез арада өтеуге және коммуналдық қызмет үшін төлемді уақытылы төлеуге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу