Жоғалған жасөспірімдерді шұғыл іздестіруге полициямен қатар еріктілер де атсалысты.
"Алатау ауданындағы Теректі шағынауданында су қоймасының жағасынан аталған жасөспірімдерге тиесілі 3 мектеп сөмкесі табылды. Бүгін таңғы 8-ге қарай балалардың денесі судан шығарылды",– делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.
"Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады",– деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақ екенін білдіріп, көңіл айтты.