Алматыда кеше таңертең жоғалып кеткен 9 жасар қыз аман-есен табылды. Тәртіп сақшыларының болжамынша ол күні бойы қоғамдық көлікте жүруі мүмкін. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын әлі де анықтайды. Патрульдік полиция қызметкерлері жеткіншекті ата-анасына тапсырды, деп жазады inbusiness.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
- Ең бастысы, бала дін аман. Полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде Алматы полициясы қызды табуға көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, - деді Салтанат Әзірбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу