Алматыда жоғалып кеткен 55 жастағы ер адамның денесі табылды

314

Жаркенттен Алматыға барар жолда жоғалып, бір айдан кейін өлі табылған ер адам туралы мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда жоғалып кеткен 55 жастағы ер адамның денесі табылды Фото: pexel

Жетісу облысы полиция департаменті 55 жастағы жоғалған адамның денесі 2024 жылғы 30 желтоқсанда Жаркент қаласындағы зират маңынан көзге көрінетін дене жарақаттарынсыз табылғанын нақтылады.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр", – делінген ПД хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін 1969 жылы туған, Алматы облысы Қоянқұс ауылында тұратын Ерсын Қалиасқаровтың 2024 жылғы 8 желтоқсанда Жетісу облысы Жаркент қаласынан Алматыға шығып, жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу