Алматыда жоғалып кеткен кейуана өлі табылды

172

Қалада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткені хабарланған 70 жастағы кейуананың денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда жоғалып кеткен кейуана өлі табылды Фото: lider.kz

Lider еріктілер ұйымының мәліметінше, 1954 жылы туған Галина Коновалова 24 маусым күні сағат 17:00 шамасында “Дружба” бау-бақша өндірістік кооперативі ауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін сол күйі оралмаған.

Хабарландыруда оның бағыт-бағдарды ажырата алмайтыны және есте сақтау қабілетінде проблемасы бары айтылған.

Жоғалған кейуананың денесі кеше ғана табылғаны хабарланды. Дегенмен өлімнің себебі әлі нақтыланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу