Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Lider.kz ұйымының мәліметінше,1994 жылы туған Әйгерім Супатаева 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Алматы қалалық полиция департаменті, 30 қазан күні Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ Әйгерім Супатаеваның денесі табылғанын хабарлады.
"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлімге жүрек ауруы себеп болған", – деп атап өтті Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу