Алматыда жол ережелерін бұзудың ең көп кездесетін фактілері анықталды

1009

Мегаполисте "Қауіпсіз жол" іс-шарасы өтуде. 

Алматыда жол ережелерін бұзудың ең көп кездесетін фактілері анықталды

Алматы "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында ең көп кездесетін жол ережелерін бұзушылық фактілері белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"Полиция апаттық жағдайды азайтуға жол-көлік оқиғаларын  алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қылмыстар мен басқа да заңсыздықтарды уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударады.  Шаһар жолдарында іс-шара басталғаннан бері барлығы 6 мың 205 жол ережесін бұзу анықталды", деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Жолда ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар:
- 593-бап 1-бөлім (қауіпсіздік белдігін қолданбау) 1317;
- 615-бап (жаяу жүргіншілер) 1155; 
- 595-бап (маневр жасау ережелерін бұзу) 939; 
- 590-бап 9 бөлім (техникалық бақылаудан өтпеген КҚ басқару) 758;
- 591-бап (КҚ басқару кезінде телефонмен сөйлесу) 754;
- 606-бап (апаттық жағдай тудыру) 466;
- 600-бап (жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеу) 326;
- 599-бап (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту) 160;
- 608-бап (мас күйінде КҚ басқару) 106;
- 590-бап 7-бөлім (заңсыз қайта жабдықтау) 77;
- 612-бап 1-бөлім (басқаруға құқықы жоқ адамның КҚ басқаруы) 69;
- 596-бап 3-бөлім (қозғалыстың қар жолағына шығу) 38;
- 607-бап (темір жол жолдарының өткелінен өту ережесін бұзу) 19;
- 590-бап 4-бөлім (жалған МТНБ КҚ басқару) 19;
- 612-бап 3-бөлім (басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) 13
Осылайша іс-шара барысында айыппұл тұрағына 959 көлік қойылды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу