Алматыда жол ережесін бұзған такси жүргізушілері "Сергек" камералары арқылы анықталады

1415

Қаладан шығатын негізгі жолдарға бейнебақылау камералары орнатылады. 

Алматыда жол ережесін бұзған такси жүргізушілері "Сергек" камералары арқылы анықталады

Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бақылау органы ретінде қаладан шығу жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан бұдан былай Алматыда жол ережесін бұзған такси жүргізушілері “Сергек” камералары арқылы анықталмақ, деп жазды inbusiness.kz.

“Кейбір азаматтар такси қызметін көрсететін өтіп бара жатқан көліктерді тоқтату мақсатында жол бойында қол созып, өз әрекеттерімен көлік кептелісі мен төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырады, сол арқылы өздерінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз “Сергек” камераларын қаладан шығатын негізгі жолдарға эксперименталды түрде орнатуды ұсындық: Төле би даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек. 

Сонымен қатар Алматы қаласының полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығына (жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де) Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу