Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды

1095

Қалада 46 бағдаршам зақымданған. 

Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы қаласы комендатурасына сілтеме жасап.

"Жалпы, 46 бағдаршам нысаны зақымданды. Оның 38-і жөнделді. Сондай-ақ 120 жол белгілері бүлінген, олардың 96-сы қалпына келтірілді. Көше-жол желісі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын 4 жол бригадасы бастады. Кеше 90 шаршы метр төсем, 120 метр жиек және 37 люг қалпына келтірілді. Тас төсемді қалпына келтіруді 13 қаңтарға дейін аяқтау жоспарда", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар, аялдамалар да бүлінген. 

"Барлығы 43 аялдама қирады. Оның 17-сінің әйнектері түгел сынған. Жеке компаниялар да қалпына келтіруге кірісті, бүгінде 2 павильон жөнделді. Жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, алдын ала есептеулер бойынша 100-ге жуық велосипед жоғалған, 220-сы жөндеуді қажет етеді", – деп хабарлады ақпараттық орталық. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу