Алматыда жол қауіпсіздігін күшейту және "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мәселелері қаралды

81

172 автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, жалған нөмірлер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Алматыда жол қауіпсіздігін күшейту және "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мәселелері қаралды Фото: orda.kz

Алматы қаласының прокуратурасында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырысты Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков басқарды. Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жеке сектор өкілдері қатысты.

Кездесу барысында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Жол қауіпсіздігі мәселесі жеке блок ретінде қаралды.

Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде  5 күн ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, оның ішінде мас күйінде көлік басқару және жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактілері бойынша 172 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны айтылды.

Отырыс барысында жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен оларды азайту жолдары, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің цифрлық жүйелерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті нығайтуға, жол қауіпсіздігін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар нақты шаралар әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу