Алматы ІІД Универсиада-2017 жабылу салтанатында жол қозғалысы шектелетін бағыттар туралы хабарлады.
"2017 жылы 8 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап, салтанатты рәсімнің аяқталатын уақытына дейін Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшелерінің арасындағы бөлігі екі бағытта да жабық болады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар полицейлер азаматтарға жол маршруттарын алдын ала жоспарлауға және жол ережелерін қатаң ұстауға шақырады.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 8 ақпан күні өтетін Универсиаданың жабылу салтанатында "Алматы Аренаға" жанкүйерлер мен меймандарды жеткізу кезінде қосымша маршруттар дайындалады.
Арнайы көліктер қаланың екі жерінде қызмет көрсетпек, автобустар 15:00-17:30 сағатта қатынай бастайды.