Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті

168

Оқиға 7 қараша күні сағат 15:10 шамасында Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті Фото: opennews.kz

Алматы қаласында көше қиылысында жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін жеңіл көлік қағып кетті.

– Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Желтоқсан даңғылымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылғанда қозғалысты реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды, – деп хабарлады департаменттен.

Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу