Алматыда жол үстінде ойыншық тапанша ұстаған жүргізуші ұсталды

283

Алматыда көлік жүргізушісі жол үстінде басқа автокөліктің қозғалысын бөгеп, қаруға ұқсас зат көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда жол үстінде ойыншық тапанша ұстаған жүргізуші ұсталды Фото: бейнежазбадан

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Тексеру нәтижесінде оның көрсеткен заты атыс қаруы емес, ойыншық тапанша екені белгілі болды. Оқиғаға байланысты азаматқа ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.

Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін де әкімшілік хаттама толтырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу