Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады

609

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады

Ведомство мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше учаскеде көлік қозғалысы қиындайды.

Ішінара жабылатын көшелер:

- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті мен айналма жол 8 қазан күні сағат 22:00 мен 9 қазан 06:00 аралығында;

- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік беті мен солтүстік-шығыс жол 9 қазан күні сағат 22:00 мен 10 қазан 06:00 аралығында;

- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан сағ.06:00 және 9 қазанда сағат 22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында;

- Рысқұлов даңғылы Жангелдин көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі 9 қазан сағат 22:00 мен 10 қазан күні сағат 06:00 аралығында.

Толық жабылады:

- Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беті 7 қазан күні сағат 22:00 мен 8 қазан 06:00 аралығында;

"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу