Алматыда жолақы 150 теңгеге көтерілуі мүмкін

820

Алматыда жолақы 150 теңгеге көтерілуі мүмкін

Алматының қоғамдық көліктеріндегі жолақыны көтеру мәселесі әлі талқылануда. Жауаптылардың айтуынша, оңтайлы шешім қабылдауға уақыт қажет. Тасымал тарифін өсіру туралы шешім қабылданған күннің өзінде, жан-жақты мақұлдануға тиіс, деп жазады almaty.tv.

Есте болса, өткен айда жолаушылар тасымалы қауымдастығы Алматы әкіміне ашық хат жолдап, қоғамдық көлікте жүру құнын 80 теңгеден бірден 150 теңгеге көтеру мәселесін көтерген болатын.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының келтірген мысалына сәйкес, инфляцияның әсерінен, жанар-жағармайдың, сондай-ақ көліктер бағасының қымбаттауынан тарифті көтеру туралы шешім Алматыда соңғы рет 2012 жылы қабылданған.

"Жолаушылар тасымалдайтын мекемелермен тікелей жұмыс істейтін адам ретінде айтарым, 80 теңге олардың шығынын ақтамайды. 2012-ші жылдан бері, алты жыл аралығында жанар-жағармай бағасы өсті, автобустар мен олардың бөлшектерінің бағасы қымбаттады. Тарифті көтеру де сол уақытта қолға алынып, 50 теңгеден 80 теңгеге қымбаттады. Ал өзге өңірлерде бұл бірнеше рет қайталанған құбылыс. Сондықтан бұл мәселе әлі толық шешемін тапқан жоқ және бұл менің жеке құзырымда емес",- деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Алматының көлік инфрақұрылымын дамыту қашанда өзекті мәселелердің бірі. Тұрғындарды қоғамдық көлікке көшіріп, көшелерді қаладағы 800 мың көліктен босату әрі экожүйені жақсартуға деген бетбұрыс, "халық үшін жайлы қала" концепциясына сай. Енді көлік паркі ескі, бәсекелестікке қабілеті төмен тасымалдаушы компаниялар нарықтан шеттетілмек.

"Жекеменшік тасымалдаушылардың санын азайту бойынша жұмыстарды атқарып жатырмыз. Өйткені, нарықта тек бәсекеге қабілетті компанияларды көргіміз келеді. Өкінішке орай, бізде базасы, қызмет көрсету куәлігі жоқ, қосымша күшті жалдап бағытқа шығып жүрген тасымалдаушылар бар. 2016 жылы 20 тасымалдаушы болса, 2017-ші жылы 17, ал биыл оның санын 15-ке жеткізуді көздеп отырмыз", - деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Мақсұт Исахов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу