Жолаушы көлікте шылым шекпеуді сұраған жүргізушіні балағаттап, ұрып жіберді

Алматылық Влад Кравчук өзінің Instagram парақшасында агрессивті жолаушымен бейне жариялады.  

Жолаушы көлікте шылым шекпеуді сұраған жүргізушіні балағаттап, ұрып жіберді Фото: бейнеден скриншот

Таксиде жүргізушіден бөлек 3 адам отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жолаушының бірі көлік салонында темекісін тұтатады, мұны байқаған Влад одан шылым шекпеуін сұраған. Десе де, жолаушы оған агрессивті түрде жауап қатып, бейәдеп сөздер айтып, тіпті қарсылығын ұру арқылы білдірген. 

Осыдан соң жүргізуші жолаушыларды тасымалдаудан бас тартып, көліктен шығуын өтінген. Олар бұл сәтте балағаттауды жалғастыра түскен, Влад Кравчуктың бейнежазбаға түсіргенін байқаған жолаушылар әңгіме ауанын кілт ауыстырыпты. 

Жағдай бойынша такси жүргізуші арыз жазған, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. 

– Ұрып-соғу фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан басқа, істің объективті мән-жайларын анықтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу