Алматыда Tөле би көшесінде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, 126-бағыттағы автобус жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Бағдаршамның жасыл түсі өшейін деп жатқанда, автобус қиылыстан өтіп кетуге тырысқан. Осы кезде әйел адам жолдың шетінде жолды кесіп өтуге дайындалып тұрған. Автобус оны қағып кеткен.
Қатты соққыдан жәбірленуші 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Апаттың мән-жайын полицейлер тексереді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу