Алматыда жолаушылар көлігіне дизель пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

467

 Экологиялық проблемаларды шешу үшін Жол картасы әзірленді. 

Алматыда жолаушылар көлігіне дизель пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Алматы қазіргі уақытта атмосфералық ауасы жоғары деңгейде ластанған елдегі 10 қаланың ішіне кіреді. Бұл туралы Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Алматы жұртшылығымен онлайн кездесуі барысында айтылды. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшысы Зұлфыхар Жолдасовтың дерегі бойынша, ауаны ластауға ЖЭО мен автокөлік те үлес қосуда.

"Бүгін біз Алматы қаласының және облысының әкімдігімен бірге тұрғындармен экологиялық мәселелер бойынша нәтижелі онлайн-кездесу өткіздік. Барлығына белсенді қатысып, тұжырымды ой-пікір білдіргені үшін алғыс айтамын. Эко-белсенділердің ұсынысы бойынша мұндай кездесулер алдағы уақытта жиі өткізілетін болады. Сондай-ақ, қалалық Экология департаментіне жұртшылықпен диалогты жандандыруды тапсырдым", – деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында кездесу қорытындысы туралы.

"Біз кездесу кезінде қаланың экологиялық мәселелерін жан-жақты шешудің жоспары мен жол картасын таныстырдық. Бұлар ЖЭО-2, 3-ті жаңғырту, құрылыс бас жоспарын жел режімін ескере отырып, түзету, жасыл желек көлемін ұлғайту, қалалық жолаушылар көлігінің дизельдік отынды пайдалануына кезең-кезеңмен тыйым салу және т.б. шаралар", – деді министр.

Оның айтуынша, картаға тұрғындар тарапынан тағы ұсыныстар енгізіледі. Жергілікті билік оны іске асырады. Экологиялық проблемаларды шешу үшін Жол картасы әзірленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу