Қосымша автобустарды жіберу туралы шешімді диспетчерлік қызмет маршруттардағы жағдай мен аялдамалардың жүктемесіне қарай қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматыэлектротранс" ЖШС-нің мәліметінше, қарбалас уақытта кейбір бағыттарда жолаушылар ағыны күрт артып, автобусқа халық сыймай қалады. Бұл ретте кесте бойынша қарастырылған автобустардың барлығы жоспарланған мөлшерде желіге шығады.
"Диспетчерлік қызмет маршруттардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап отырады. Қарбалас уақытта жолаушылар көп жиналатын аялдамаларға қосымша автобустарды жедел жібереміз. Олар аялдамаға бос күйінде келеді. Бұл жолаушылардың автобусқа асықпай мініп, келесі рейсті күтпеуіне мүмкіндік береді", – деді серіктестіктің бөлім басшысы Алмаз Төлегенов.