Алматыда жолаушылар автобусы жантүршігерлік апатқа ұшырады

896

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Алматыда жолаушылар автобусы жантүршігерлік апатқа ұшырады Фото: CMN

Алматыда автобус апатқа ұшырап, 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.

Полиция мәліметінше, адам өліміне әкелген апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 14:20 шамасында Алматының Алмалы ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған", - деп хабарлады ведомстводан.

Төтенше жағдай болған жерге бірнеше жедел жәрдем көлігі жеткен.

Алматы қалалық полициясы апатқа қатысты ақпарат жинақталып жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу