Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 маусымда пойыздар жүруге дайындалып жатқан Алматы-2 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде пойыз вагонының дөңгелегі ығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Тағы бір пойыз жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - деді ҚТЖ өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу