Алматыда жолаушыларды тонап келген такси жүргізушілері ұсталды

598

Көлігіне мінген жолаушыны тонап отырған үш азамат анықталды.

Алматыда жолаушыларды тонап келген такси жүргізушілері ұсталды

Алматы полициясы жолаушыларын ұйықтатып, сосын тонап кетіп отырған бір топ такси жүргізушілерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушыларын тонап келген 1985, 1982 және 1997 жылғы үш азамат құрықталған. Олар түнгі клубтардан масайып шыққан келушілерді күтіп алып, оларды қажетті жерге жеткізіп салмақ болады.

"Жол бойы клиентпен әңгімелесіп бара жатып, жүргізушілер жолаушыға темекі ұсынады, артынша жолаушы есін жоғалтады екен. Олар көпшіліктің назарынан тыс жерге көлікті бұрып, әлгі адамдарды тонап кетіп отырған. Содан соң ұйқыға кеткен клиентті сол жерде қалдырып, өздері із суытқан", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастшысы Болат Тотыбаев.

Жедел іздестіру шараларының барысында күдіктілердің кім екені анықталды. Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 191 - тонау бабына сәйкес сот алды тергеу аясында тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу