Алматыда жолаушылардың 49%-ы жол ақысын төлемейді

298

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев брифингте осылай мәлімдеді.    

Алматыда жолаушылардың 49%-ы жол ақысын төлемейді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Әкім орынбасары тұрғындардың қоғамдық көлікке қатысты наразылығынан хабардар екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Үш жаңа автобус паркін салып жатырмыз. Екіншіден, бұған дейін қалада қоғамдық көлікке арналған жеке жанармай құю бекеттері болмаған, барлық автобус бір ғана станцияда жанармай құятын. Енді автопарктердің жанынан сондай бекеттер салынады. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады", – деді Алмасхан Сматлаев.

Сонымен қатар, Алмасхан Сматлаев жедел қозғалыс орталығы ашылғанын атап өтті.  Онда 412 маман қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылап отыр.

"Қалада 3500 автобус және 3800 жүргізуші бар. Орталық мамандары күн сайын әр бағытты тексереді. Қазір әр бағыттағы жүктемені есептеп жатырмыз. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Біздің дерекке сәйкес, жолаушылардың 49 пайызы жол ақысын төлемейді. Әрине, өз жұмысына салғырт қарайтын жүргізушілер де бар. Алайда біз жолаушыларды да жол ақысын төлеуге шақырамыз. Алдағы жарты жыл ішінде нақты есептеулер жүргізіліп, қай бағыттарға қосымша автобус қажет екені және қайсын жаңарту керек екені айқындалады", – деді әкім орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу