Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жолда қабылдау" профилактикалық іс-шарасы азаматтарға ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде жол қозғалысы қауіпсіздігі және көші-қон заңнамасы саласында кеңес және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.
Халықпен байланыс азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау түрінде жүзеге асырылады.
Офлайн режиміндегі науқан 2023 жылдың 14 және 15 шілдесінде өтеді.
Сонымен қатар, полицияда, іс-шара күндерінде азаматтардың полиция қызметіне қатысты сұрақтарын қоя алатын жедел желі телефоны жұмыс істейтінін атап өтті: 8-747-733-10-20.
Сондай-ақ, Әкімшілік полиция Басқармасы, Көші-қон қызметі Басқармасы және Жергілікті полиция қызметі Басқармасы басшылығының қатысуымен тікелей эфирлер өткізу жоспарлануда.