Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынды

285

Әлеуметтік желіде жолда екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы тарады. 

Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынды Фото: бейнежазбадан

Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болғанын көруге болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, соның пішініндегі оттық екені анықталды. Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын, агрессияға себеп болатын кез келген заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ерекше атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу