Әлеуметтік желіде екі ер адамның төбелесін түсірген куәгерлердің видеосы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qumash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Алматыда болған. №1 және №12 троллейбустың жүргізушілері көліктерінен түсіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Көшедегі адамдар екі ер адамды ажыратуға тырысып жатқаны видеода көрінеді.
Белгілі болғандай, бір-бірімен жарысып, жолға таласып қалған. Аталған жағдай бойынша, полицейлер “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік іс қозғаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу