Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер тізімі жарияланды

446

Бұған қалалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді. 

Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер тізімі жарияланды Фото: gov.kz

Биыл қаланың жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшесі орташа жөндеуден өтеді, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Тізімді мына жерден көруге болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, люктерді көтеру, шұңқырларды бітеу, жарықтарды жабу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыс мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін басталады.

"Магистральды көшелерді орташа жөндеу тамыз айының соңына дейін аяқталады, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Ағымдағы жөндеумен 350 мың м2 астам аумақты қамту жоспарға енген. 30 км тротуар мен 40 аялдама жөнделеді", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу