Алматыда жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

1609

ІІМ шипажайының аумағында ұйымдастырылған шараға арнайы техникалар мен құтқарушылар, дәрігерлер жұмылдырылды. 

Алматыда жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

Оқу-жаттығу жұмыстарына ТЖД өрт сөндіру және құтқару қызметінің басшысы, полковник Руслан Қасыбаев жетекшілік етті. Жоспар бойынша шипажайдың екінші қабатында өрт шығып, 150 шаршы метр аумақ отқа оранған. Барлық қызметтер шипажайдағы адамдарды оқшаулап, нысанның ішінде қалып қойғандарды құтқарды. Оқу-жаттығу барысында өрт сөндірушілер ең қиын жағдайларды ойластырып, күрделі тәсілдер бойынша жұмыс істеді. Ғимараттан 50 адам қауіпсіз орынға жеткізіліп, 3 адам құтқарылды. Өрт 30 минуттың ішінде толық сөндірілді. 

Шараға өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы, 34 жеке құрамы, 5 газ бен түтіннен қорғайтын қызмет маманы жұмылдырылды. 

"Оқу-жаттығу алдында нысанның ең күрделі тұсары анықталады. Өртті сөндіруге қажетті техникалар мен мамандар саны анықталды. Толық жоспар жасалды. Жаттығу жұмыстары барысында алға қойған мақсаттарға қол жеткіздік, белгілі дәрежеде өрт сөндіруде қажетті тәжірибе жинақталды",-деді Руслан Қасыбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу