Алматыда ЖРВИ жұқтырған науқастар саны күрт өсті

836

Науқастардың 62%-ы балалар.

Алматыда ЖРВИ жұқтырған науқастар саны күрт өсті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, осы уақытта жыл сайын қалада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Бірақ өткен аптада ғана Алматы дәрігерлері 10 316 жағдайды тіркеді.

"Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сонымен қатар бұл көрсеткіш әр апта сайын өсіп келеді. Науқастардың 62%-ы балалар. Медициналық мекемелерге барлығы 526 науқас жатқызылды, оның ішінде 17 жүкті және бір жасқа дейінгі 165 бала бар", – деді Жандарбек Бекшин.

Алматы эпидемиологтары 1 қазан мен 10 қараша аралығында ЖРВИ-дің 61 252 жағдайын тіркеді, жұқтырғандардың жартысынан көбі – балалар. 176 алматылық пневмониямен ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 30 бала және 13 жасқа дейінгі балалар.

Жандарбек Бекшин коронавирустың белгілері ЖРВИ-ге ұқсас келетінін, әрі оның ауыр зардаптарға әкелетінін атап өтті.

"ЖРВИ өз кезегінде адамдарды коронавирусқа осал етеді, сондықтан қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен сақтауы керек. Тұмауға және коронавирусқа қарсы вакцинация өте маңызды", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу