Алматыда ЖРВИ жұқтырудың маусымдық өсуі байқалады

Мегаполисте вирустың қандай түрлері таралуда?  

Алматыда ЖРВИ жұқтырудың маусымдық өсуі байқалады Фото: gov.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова хабарлады.

Оның айтуынша, өткен аптада ЖРВИ жұқтырудың 13 804 жағдайы тіркелген.

Қалада 8860 бала ауырып жатыр, бұл жалпы науқастанғандардың 64,2%-ын құрайды. Жалпы эпидемиологиялық маусымда Алматыда барлығы 343 417 ЖРВИ жағдайы тіркелді.

"Жүргізілген зертханалық мониторинг барысында Алматыда маусымдық тұмау вирусының үш түрі, оның ішінде екі түрі А (A/H3N2, A/H1N1 pdm09) және В типі айналымда екені анықталды. Тұмау жұқтырып, онымен ауырғандар 2022 жылы қазан айының басында тіркелген. Сонымен қатар, РС вирусы, риновирус, бокавирус және маусымдық коронавирус сияқты тұмауға жатпайтын басқа да ЖРВИ вирустары айналымда бар", – дейді Әсел Тоқанқызы.

Тұмаудың 240 жағдайы тіркелді, оның ішінде В типінің 119 түрі (49,6%), А/Н3N2 түрі – 3 жағдай (1,2%), А/H1N1-09 түрі – 118 жағдай (49,2%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу