Алматыда жүк көлігі скутердегі 13 жасар жасөспірімді басып, мерт қылды

489

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматыда жүк көлігі скутердегі 13 жасар жасөспірімді басып, мерт қылды Фото: Zakon.kz

Алматыда 4 қазанда Howo жүк көлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып, мерт қылды.

Жол-көлік оқиғасы Хамит Ерғалиев атындағы жағалау мен Тимирязев көшесінің қиылысында болды. Howo жүк көлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің территориясына кіріп бара жатқан. Осы кезде велосипед жолағымен скутер мінген екі адам ызғытып келе жатады.

Куәгерлердің айтуынша, оның бірі жүк көлігінің алдын кесіп үлгерген, ал екіншісі көліктің бүйіріне соғылып, артқы дөңгелектің астына түскен. Howo оны басып өте шыққан.

2010 жылғы жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды.

"Сағат 15:55-те Howo жүк көлігін тізгіндеген 1978 жылғы азамат шығыс бағытта Тимирязев көшесімен келе жатып оңға бұрылған кезде шығыс бағытқа қарай бет алған электр скутердегі 2010 жылғы жасөспірімді қағып кеткен. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 30 тамызда Қазақстанда электр скутерлермен жүру ережелерін қарастыратын "Жол қозғалысы туралы заңға" енгізілген түзетулер мен өзгерістер жобасы өз күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу