7 қарашада сағат 05:18-де Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз станциясында екінші жолдан №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кетті. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24 Хабар жазып отыр.
Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келтірілетін болады. Апат себебін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу