Алматыда жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы басталды

936

Аурухана 280 орынға жоспарланған.  

Алматыда жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы басталды

Алматыда жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы басталды. Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев провизорлық госпитальдың құрылысы жүргізіліп жатқан алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.

Тез салынатын құрылыс жабдықтарынан бой көтеретін нысан 280 орынға арналған. Оның 28-і интенсивті терапия бөліміне тиесілі. Емхана коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған.

"Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер кезінде анықтауға, оларды дереу оқшаулауға және науқастардың уақытылы әрі жүйелі ем қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз", – деді шаһар басшысы.

Еске сала кетсек, госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу