Алматыда жүлде қоры 55 миллион теңгені құраған бәйге өтті

982

Алматыда жүлде қоры 55 миллион теңгені құраған бәйге өтті

Алматының ипподромында Қазақстанның әр аймағынан және Қырғызстаннан келген шабандоздар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыс Мерхат Бұлғыновтың 60 жасына және Астананың 20 жылдығына арналған бәйгеге 150-ден астам спортшы қатысты. Спорттық шарада автокөліктер мен ақшалай және бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қонақтар ұлттық ойындарды — аударыспақ, теңге ілу, қыз қууды тамашалап, қызықты жарыстардың  куәсі болды.

Жарыс қорытындысы  бойынша тай жарыстан (5 км) бірінші орынды "Қарақұс" деген сәйгүлік иесі Айсұлтан Серіков жеңіп алды. Жорға бәйгеде (7 км) кубоктың  иесі болып "Фаейр" атымен Жанат Тұрсын атанды. 15 шақырымдық топ бәйгеде  алға озған "Мұрагер" Хасан Хасынбаев болса, құнан бәйгені  (8 км) "Ханзада" сәйгүлігімен Рүстем Досжанов ұтып алды. Ал, ең ұзақ шықырымдық аламан бәйгеде (21 км) озып шыққан  "Қаракөз" деп аталатын Артығали Мирасовтың аты болды.

Айта кетер жайт, тай жарысы, құнан бәйге, топ бәйге жеңімпаздары Lada Priora автокөлігімен, ал, аламан бәйгенің жеңімпазы – Нивамен марапатталды. Жорға бәйгеде І орын алған қатысушы 1 млн теңгеге ие болды. Екінші, үшінші, төртінші және бесінші орын алғандар тұрмыстық техникамен марапатталды. Осылайша жарыстың жалпы жүлде қоры  55 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу