Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 3,6%-ға артты

719

Былтыр шағын және орта бизнеске несие беру көлемі 1,7 есе өсіп, 1,4 трлн теңгеден асты.

Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 3,6%-ға артты

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев халық алдындағы есеп беру кездесуі барысында Алматыдағы ШОБ-ты қолдау шаралары туралы сөз қозғады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Салықтық ынталандыру, несиелендіруді арттыру, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті қолдау және жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының 3,6%-ға артты. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемі 1,7 есе өсіп, 1,4 трлн теңгеден асты", - деді мегаполис әкімі. 

Бақытжан Сағынтаев айтуынша  өнеркәсіп саласында да жағымды өзгерістер байқалады. Атап айтқанда 1,4 мың жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 39,7 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылды. 

"Оның ішінде индустриялық аймақта – 848 жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 29,9 млрд теңгеге 4 жоба жүзеге асырылған. Фармацевтикалық препараттарды, медициналық бұйымдар мен техниканы өндіру бойынша медициналық кластер құрылды", - деді Алматы әкімі. 

Сонымен қатар "Алматы Бизнес-2025" өңірлік бағдарламасы аясында 3 шағын өнеркәсіп паркі ашылды. Онда кәсіпкерлерге жеңілдетілген тарифтер бойынша өндірістік алаңдар беріледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу