Алматыда жұмыс туралы хабарландырудағы QR-кодта есірткі жарнамасы анықталды

148

QR-код арқылы өткен кезде есірткі жарнамасы бар Телеграм-арнаға сілтеме жасалған. 

Алматыда жұмыс туралы хабарландырудағы QR-кодта есірткі жарнамасы анықталды Фото: Fast Company

Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

"Бірлескен жұмыстың барысында "50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі Телеграм-арнаға сілтеме жасалады. Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – делінген хабарламада.

Бүгінде тиісті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу