Алматыда Жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

930

Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергелуде.

Алматыда Жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының прокуратурасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша "Еңбек" бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу