Алматыда жүрген жүзден астам шетелдік елден шығарылды

398

305 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматыда жүрген жүзден астам шетелдік елден шығарылды Фото: Polisia.kz

Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.

"ПД-ның қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу