Алматыда көлік жүргізушісі ролге ие бола алмай жол жиегенде тұрған үш көлік пен мопедті қақты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Медеу ауданында жаппай жол апаты болды. Chrysler жүргізушісі Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылына жете бергенде рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған үш көлік пен мопедті соқты", - делінген хабарламада.
Алматы қалалық ПД-ның хабарлауынша, жол апаты кезінде адамдар зардап шеккен жоқ.
Жол-көлік оқиғасын Медеу ауданының ПБ қызметкерлері тергеуге кіріскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу