Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қалада және тауларда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.
"2022 жылғы 22 наурыздағы №7 ауа райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескерту негізінде Алматыда және тауларда 23 наурызда нөсер жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері жүргізушілерге көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің астына қоймауға кеңес берді:
– Есіңізде болсын, қар жауғанда және көктайғақ кезінде көлікті жүргізу қиын болады. Жүргізуші көліктің рөліне ие бола алмай қалуы мүмкін. Салдарынан жаяу жүргіншілердің қағып кетуі ықтимал;
– Көшелерді жол қозғалысы белгілері орнатылған жерден өту керек;
– Жолдан өткенде сақ болыңыз;
– Көктайғақта байқап жүріңіз.