Алматыда жүріп-тұруға рұқсат беретін сайт өтініш қабылдауды тоқтатпайды

1054

infoalmaty.kz сайтына 9 мың өтініш түскен.  

Алматыда жүріп-тұруға рұқсат беретін сайт өтініш қабылдауды тоқтатпайды

Шаһардың ішінде жүруге рұқсат беретін сайт өтініш қабылдауды тоқтатпайды.  Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев мәлімдеді.

"infoalmaty.kz сайтына тек бір күннің ішінде 9 мыңнан астам адам өтініш жіберді. Олардың барлығын мамандарымыз өңдеуде. Бұдан кейін де өтініш қабылдау тоқтамайды. Мәселен кәсіпорын штатын кеңейтсе, оның басшысы мұны бізге хабарлайды. Басшының аккаунтында мұның барлығы жазылып тұрады", – деді Максим Барышев.

Бұл ретте Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов infoalmaty.kz сайты "Сергек" және полиция базасын қамтитынын айтады.  

"Бұдан бұрынғы жүйелерден жаңа порталдың артықшылығы сол "Сергек" және полиция базасын тұтас қамтиды. Бүгіннен бастап тіркелген көліктер бейне-бақылау камераларына түсіп, қиындықтар тудырмайды", – деді Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар палата директоры қалада жұмыс істеуге рұсат етілген салаларға тоқталды.

"Азық-түлік сататын барлық сауда орталықтары жұмыс істейді. Қалада мұндай 6 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан бар. Сонымен қатар мегаполисте 1 мыңнан астам дәріхана қызмет көрсетуде. Олардың тізімі біздің базамызға енгізілді. Тамақ өнімдерін шығаратын барлық кәсіпорындар жұмыс істеуге құқылы. Фармацевтикалық сала да емін-еркін жұмыс істей алады. Қойма саласы да шектеусіз қызмет көрсетсе болады. Ал жеңіл өнеркәсіптен тек қауіпсіздік құралдарын тігетін кәсіпорындарға рұқсат беріледі. Олар бізге хабарласып, өтініш жаза алады", – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу