Алматыда жұртты әбігерге салған адам іздестіріліп жатыр

804

Алматыда жұртты әбігерге салған адам іздестіріліп жатыр

Алматы полициясы ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген адамды іздеп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 12:00-де редакцияға біреу хабарласып, ғимаратта жарылғыш зат барын хабарлаған.

Бұл ғимаратта көптеген жекеменшік офистер, телеарналар мен газеттердің  редакциясы орналасқан болатын. Оперативті қызмет өкілдері келіп, іштегі адамдардың бәрін сыртқа шығарып, ғимаратты тексерді.

"Нысанда жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған болып шықты. Қазір қоңырау шалған адам іздестіріліп жатыр" , - деді Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу