Алматыда жұртты электрошокермен қорқытқан ер адам жазаланды

145

Ол электрошокерді адамдарға тікелей қолданбағанымен, оны түрлі заттарға пайдаланып, қауіп төндіретін әрекетке барған.

Алматыда жұртты электрошокермен қорқытқан ер адам жазаланды Фото: ata-group.ru

34 жастағы ер адам ұсақ бұзақылық және арнайы құралдарды заңсыз қолдану фактілері бойынша жауапқа тартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты оны 10 тәулікке қамады. 

Полиция өкілдері азаматтарға қауіп төндіретін немесе қорқытатын кез келген әрекетке құқықтық тұрғыда баға берілетінін атап өтті. 

– Электрошокер тікелей адамға қолданылмаса да, оны қоғамдық орындарда көрсету мен пайдалану айналадағылардың үрейіне, дүрбелеңге себеп болуы мүмкін. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептеледі және жауапкершілікке әкеледі. Азаматтарды тәртіп нормаларын сақтауға үндейміз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу