Алматыда жүзу сабағы кезінде хлордан уланған 11 бала ауруханаға түсті

784

Алматыда бассейндегі сабақтардан кейін 11 бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жүзу сабағы кезінде хлордан уланған 11 бала ауруханаға түсті

"Жедел жәрдем бригадалары 11 баланы түшкіру, тамағының ауыруы сынды шағымдармен шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді. Олар жүзу сабағы кезінде хлор буларынан уланған", - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 12-14 жас аралығындағы балалардың жағдайы тұрақты, олар мамандандырылған бөлімге жатқызылған.

Бұл факті бойынша Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері тергеу жүргізуде. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу