Алматыда қызылша індеті өршіп тұр. Шаһарда жыл басынан бері 1200-ге жуық жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласында қызылшаға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалуда. Бүгінгі таңда қызылшамен ауыратын 1183 жағдай тіркелді, оның 88%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар", - деп хабарлады комитет.
Дәрігерлердің айтуынша, ауру негізінен екпе алмаған балалар арасында тіркеледі, олардың үлесі ауру балалар санының 82%-ын құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу